Су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда

Су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда

Өңірді алдағы 2021 жылғы су тасқынына дайындау мақсатында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов ТЖД бастығы Мұрат Қатпановпен бірлесіп, Бұқар Жырау ауданының Чкалово және Садовое ауылдарын аралады. Сондай-ақ Самарқанд су қоймасының гидроторабына барды.
Аралау барысында 2020 жылы жүргізілген инженерлік жұмыстар, қорғаныс біліктерінің жай-күйі, материалдық-техникалық құралдардың (ЖЖМ, қаптар, инертті материалдар) бар-жоғы тексерілді. Сондай-ақ, қар шығару, су өткізу құбырларын тазарту жұмыстарының қорытындылары және 2021 жылы облыстың халқын, аумағын және шаруашылық жүргізуші субъектілерін тасқын сулардан қорғау жөніндегі жоспардың басқа да іс-шаралары бағаланды.
Бұқар Жырау ауданында өткен 2020 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша үлкен көлемді жұмыс жүргізілді.
Жастілек ауылында ұзындығы 400 метр, Петровка ауылында 55 метр қорғаныс білігі салынды. Сарытөбе ауылында ұзындығы 75 метр қолданыстағы білік нығайтылды. Ботақара кентінде ұзындығы 240 метр арықтарды орнату жұмыстары жүргізілді. Көкпекті ауылында ұзындығы 150 метр каналды тереңдету жұмыстары жүргізілді. Новостройка ауылында ұзындығы 1500 метр қорғаныс білігі салынды. Асыл ауылында ұзындығы 550 метр, Қаражал ауылында 150 метр білік салынды. Ғ. Мұстафиннің ат. кентте ұзындығы 1100 метр каналды тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 2700 метр болатын арықтарды тазарту жүргізілді.
Ауданның дайындығын ағымдағы жылдың 4-5 наурыз аралығында «Көктем-2021» республикалық оқу-жаттығуын өткізу барысында тексеру жоспарлануда.
Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде және тұрақты бақылауда.

Қарағанды облысының ТЖД