Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз терезе» профилактикалық акциясын өткізді.
 Акция аясында ТЖД мамандары балабақша қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратты және қауіпсіздік шаралары туралы көрнекі материалдар орналастырды.

Шара барысында балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға ерекше назар аударылды. Осы мақсатта мектепке дейінгі ұйымдардың терезелеріне олардың толық ашылуына жол бермейтін арнайы қорғаныс құрылғылары орнатылды.

Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері балаларды үнемі бақылауда ұстау және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.Профилактикалық іс-шаралар жазатайым оқиғалардың алдын алуға және балалар үшін қауіпсіз жағдай қалыптастыруға бағытталған.