Қазақстан ТЖМ қызметкері ММА бойынша Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстан ТЖМ қызметкері ММА бойынша Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау кіші сержанты Санжар Әділов Жапонияның Айти - Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Санжар Әділов ММА-дан дәстүрлі стильдегі жарыста 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, құрлықтық дода жүлдегерлерінің қатарына енді.

Бұл жүлденің маңызы ерекше. Өйткені аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша Санжар Әділов Қазақстан құрамасының осы спорт түрінен Азия ойындарында медаль жеңіп алған алғашқы спортшыларының бірі атанды.