Жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымы қарсаңында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында мамандар тұрғын үйлерді, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың үйлерін аралап, көміртегі тотығын анықтайтын датчиктерді орнатты. Сондай-ақ мұржалардың жай-күйі тексеріліп, тазалау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, жылыту маусымында сақталуы тиіс негізгі талаптар бойынша жадынамалар таратылды.

Мұндай профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – тұрмыстық өрттердің алдын алу, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау.