
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Мемлекеттік өрт бақылау, Азаматтық қорғаныс, Кадр және тәрбие жұмысы, Қаржылық қамтамасыз ету, Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармаларында, сондай-ақ Тылдық қамтамасыз ету және Анықтау бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.
Егер Сізге аталған құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының фактілері белгілі болса, тиісті ақпаратты 8 (7212) 43-68-61 сенім телефоны арқылы немесе Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 25 мекенжайы бойынша ұсынуыңызды сұраймыз.