Балалардың жазғы қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың жазғы қауіпсіздігі – басты назарда

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Орленок» балаларды сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілеріне арналған профилактикалық іс-шара өткізді.
Шара барысында мамандар өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, терезеден құлаудың алдын алу және табиғат аясындағы демалыс кезіндегі сақтық шаралары туралы кеңінен айтып берді. Балаларға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмі түсіндіріліп, төтенше қызметтердің жұмысы таныстырылды. Құтқарушылар арнайы техника мен құрал-жабдықтарды таныстырып, балалардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар лагерь әкімшілігі мен қызметкерлерінің шартты өрт туындаған кездегі іс-қимылдары, төтенше қызметтерге жедел хабарлау тәртібі, сондай-ақ балалар мен қызметкерлерді қауіпсіз эвакуациялау алгоритмі пысықталды.
Мұндай профилактикалық жұмыстар жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, балаларды сауықтыру мекемелері қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыруға және жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі