Қарағандылық құтқарушылар қан тапсыруға белсене қатысты

Қарағандылық құтқарушылар қан тапсыруға белсене қатысты

 Бүгін Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қан тапсыруға қатысты.
«Донор күні» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 80-нен астам қызметкері департаменттің ұйымдастыруымен қан тапсырды.
Құтқарушылар қан тапсыру бойынша ұйымдастырылған қоғамдық шараларға да, өз бастамаларымен қан тапсыруға да қатысып, жылдар бойы донор болып келеді. Олардың көпшілігі тұрақты донорлар.
Мұндай іс-шараның өткізілуі нағыз құтқарушылардың төтенше жағдайда ғана емес, кез-келген уақытта көмектесуге дайын екенін тағы бір дәлелдейді. Олар қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетіп қана қоймай, мұқтаж жандармен өз қандарын бөлісугеде дайын.