Қарағанды облысы ТЖД Мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтті

Қарағанды облысы ТЖД  Мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтті

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қарағанды облысы ТЖД бастығы генерал-майор Марғұлан Аманбаев қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтің ел дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекеттік қызмет – кез келген мемлекеттің негізгі тіректерінің бірі. Мемлекеттік қызметшілерге қоғамдық үдерістерді ұйымдастыру және басқару бойынша жауапты міндеттер жүктеледі. Олардың кәсібилігі, құзыреттілігі мен өз ісіне адалдығы мемлекеттілікті нығайтып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті департамент басшысы.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелер көрсеткені және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Департаменттің Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы – бас бухгалтері Мариям Жанқашова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасымен азаматтық қорғау старшинасы Ерлан Серікұлы және азаматтық қорғау старшинасы Марат Яхияұлы марапатталды.

«Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен Арнайы жұмыс бөлімшесінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жанар Серікқызы және Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің №4 бас маманы Ғабит Төлеұлы марапатталды.

Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен Департамент технигі Марат Мұхсинұлы марапатталды.

Іс-шара соңында ТЖД басшылығы қызметкерлерге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, қызметтеріне толағай табыс, зор денсаулық және отбасыларына амандық тіледі.