«Қауіпсіз терезе» акциясы өткізілді

«Қауіпсіз терезе» акциясы өткізілді

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Оқушылар сарайында мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілерімен «Қауіпсіз терезе» акциясын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу. Акция барысында мамандар оқушыларға ашық терезелердің қауіптілігі, көпқабатты тұрғын үйлердегі қауіпсіздік шаралары, жаз мезгіліндегі су айдындарында өзін ұстау ережелері және өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Балаларға үйде және демалыс кезінде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік қағидалары түсіндіріліп, түрлі төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету алгоритмдері таныстырылды. Сонымен қатар, құтқарушылар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың арнайы киімдері мен құрал-жабдықтарын көрсетіп, олардың қызметте қолданылу ерекшеліктері туралы айтып берді.

Осындай профилактикалық іс-шаралар балалардың қауіпсіздік ережелерін жақсы меңгеруіне және жазғы демалысты қауіпсіз өткізуіне ықпал етеді.