Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құраммен профилактикалық іс-шара өткізілді

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құраммен профилактикалық іс-шара өткізілді

Іс-шараға Қарағанды облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Корниенко Кирилл Александрович қатысып, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, есірткі заттарын пайдаланудың зиянды салдары және қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызметкерлерге заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жеткізілді.