
Жобаның басты мақсаты — ата-аналардың назарын балалар қауіпсіздігі мәселелеріне аударып, күнделікті өмірдегі маңызды қауіпсіздік ережелерін еске салу.
Енді облыстағы “Hani” кофеханаларының фирмалық стақандарында балаларға арналған қауіпсіздік ережелері мен QR-код орналастырылған.
Смартфон камерасы арқылы QR-кодты сканерлеген азаматтар балалар қауіпсіздігіне қатысты маңызды ережелермен танысып, баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі туралы ақпарат ала алады.