
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Тағзым ету шарасына ардагерлер мен қызметкерлер қатысып, Отан үшін жанын қиған батырлардың рухына құрмет көрсетті.
9 мамыр — ерлік пен елдік рухын ұлықтайтын, ұрпақ жадында мәңгі сақталатын қасиетті күн. Бұл — бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін жан аямай күрескен батырларға деген шексіз алғыс пен тағзымның белгісі.
Сұрапыл соғыс жылдарында майдан даласында ерлік көрсеткен жауынгерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен азаматтардың жанқиярлығы ешқашан ұмытылмайды. Олардың батырлығы, қайсарлығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі — бүгінгі ұрпаққа үлгі.
Осы күні біз Жеңісті жақындатқан барлық ардагерлерге бас иіп, тағзым етеміз. Майдан даласында қаза тапқан және өмірден озған қаһармандардың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.
Ерлікке тағзым — ұрпаққа аманат