
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Марғұлан Тапашұлы Аманбаев азаматтық қорғау органдарында 26 жыл қызмет атқарады.
Кеше Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Президенттің қолынан ол жоғары офицерлік құрамның әскери атағын алды. Бұл көпжылдық еңбектің, ерлік пен қызметке адалдықтың лайықты бағасы.
Өскелең ұрпақ үшін абыройдың, жауапкершіліктің және халыққа адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Құтқарушы болу адам өмірін құтқару миссиясын таңдау деген сөз.