
Аса қауіпті химиялық заттардың жоғары концентрациясы бар аймақтарда жұмыс істей алатын және құтқарушылардың өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтатын робототехникалық құрылғыларды жасау мақсатында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Білім басқармасы тарапынан жас ұрпақ арасында «Dosimetric robot – 2026» атты робототехникалық құрылғының ең үздік прототипіне арналған облыстық конкурс ұйымдастырылды.
Өткізілген конкурс нәтижесінде азаматтық қорғау міндеттерін шешуге арналған робототехникалық құрылғылардың прототиптерін тәжірибелік сынақтан өткізу мақсаттарына қол жеткізілді, оның барысында кейбір прототиптер өз тиімділігін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша инженерлік ойлау деңгейінің жоғарылығы, техникалық шығармашылығы, сондай-ақ конкурс тапсырмаларын іс жүзінде орындағаны үшін жеңімпаздар анықталып, ақшалай және сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.