Қарағанды облысында «Қауіпсіз терезе» акциясы жалғасын табуда

Қарағанды облысында «Қауіпсіз терезе» акциясы жалғасын табуда

ТЖД қызметкерлері тұрғын үйлердің аулаларында балалардың терезеден құлап кетуін алдын алуға бағытталған бірқатар профилактикалық іс-шаралар жүргізді.

Акция аясында құтқарушылар балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету ережелерін ойын формасында түсіндіріп, олардың қауіпсіздік туралы білімдерін арттырды.Сондай-ақ мамандар кейбір пәтерлерде терезе бекіткіштерін орнатып, ата-аналарға оларды дұрыс қолдану жолдарын көрсетіп, мұндай құрылғылардың маңыздылығын түсіндірді.