Ғасырлар бойы ұмытылмайтын ерлік: Қарағандыда чернобыль ардагерлері құрметтелді

Ғасырлар бойы ұмытылмайтын ерлік: Қарағандыда чернобыль ардагерлері құрметтелді

Чернобыль апаты ұрпақтар тағдырына терең із қалдырды, алайда біздің жерлестеріміз сияқты ликвидаторлардың арқасында әлем одан да үлкен апаттың алдын ала алды.

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев Жақсымбет Көпбаевты арнайы барып құттықтап, Төтенше жағдайлар министрлігі атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Жақсымбет Бекзатұлы «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, ТЖД қабырғасында басшының орынбасары Думан Далешов «көзге көрінбейтін жаумен» күрескен азаматтарға марапаттар табыстады:

Нурлан Мукашев — «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен және «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мұхат Социалұлы — «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен және басшының Алғыс хатымен марапатталды.

Биыл Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толады. Бұл — адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі. Қайғылы оқиға миллиондаған адамдар үшін ауыр сынақ болып, тұтас ұрпақтардың тағдырына өшпес із қалдырды.