Қарағанды облысында кешенді оқу-жаттығу басталды

Қарағанды облысында кешенді оқу-жаттығу басталды

Шахтинск қаласының аумағында «Бейбіт және соғыс уақыты жағдайларында төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-қимылдары» тақырыбында кешенді оқу-жаттығудың бірінші кезеңі өтті.

Іс-шара Қарағанды облысы әкімінің орынбасарының 2026 жылға арналған ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес өткізілуде.

Оқу-жаттығу басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету дайындығын арттыруға бағытталған. Бірінші кезең барысында ден қою қызметтерінің өзара іс-қимылы және төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру мәселелері пысықталды.