Қарағандылық құтқарушы «Кітап оқитын ұлт» жобасында топ жарды

Қарағандылық құтқарушы «Кітап оқитын ұлт» жобасында топ жарды

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында өткен облыстық кезеңде Қарағанды облысы ТЖД №23 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Владимир Конев өз кәсібилігімен және білімге деген ұмтылысымен ерекшеленді.

Ол тек қызметінде ғана емес, зияткерлік сайыста да жоғары деңгей көрсетіп, кең ой-өрісі мен кітап оқуға деген тұрақты қызығушылығы арқылы мемлекеттік қызметшінің үлгілі бейнесін танытты.

Владимир Конев өнер көрсеткен Теміртау қаласының командасы ұйымшылдық пен табандылықтың арқасында жүлделі 3-орынды иеленді.

Аталған жоба мемлекеттік қызметшілердің жан-жақты дамуына серпін беріп, білім мен кітап оқудың маңызын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.