Назар аударыңыз!!!

Назар аударыңыз!!!

Қарағанды облысы әкімінің орынбасарының 2026 жылға арналған ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес, басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру мақсатында, 2026 жылғы 23–24 сәуір аралығында Шахтинск қаласында кешенді оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығу тақырыбы: «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қаупі туындаған және орын алған кезде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-қимылдары».

Оқу-жаттығу аясында әрекет ету қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау, төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ халықтың хабардарлығы мен дайындық деңгейін арттыру жоспарлануда.
Шахтинск қаласының тұрғындарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, қоғамдық тәртіпті сақтауды және жұмылдырылған қызметтердің нұсқауларын орындауды сұраймыз.