
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында анықтаушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Оқу 2026 жылғы 15–16 сәуір күндері өтіп, қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Курстар барысында қатысушылар өрт орнын қарау, өртке қатысты істер бойынша анықтау жүргізудің ерекшеліктері, сондай-ақ материалдарды процестік рәсімдеу мәселелерін қамтитын негізгі сұрақтарды қарастырды. Практикалық сабақтарға ерекше назар аударылып, олардың аясында оқиға орнын қарау, дәлелдемелерді бекіту және процестік құжаттарды жасау дағдылары пысықталды.
Өткізілген сабақтар анықтаушылардың теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыруға мүмкіндік берді, бұл өртке байланысты оқиғаларды неғұрлым тиімді тергеуге және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға ықпал ететін болады.