Кедергісіз тұрақ — қауіпсіздіктің кепілі

Кедергісіз тұрақ — қауіпсіздіктің кепілі

Төтенше жағдай кезінде әрбір минут шешуші рөл атқарады. Жабық өткелдер, тар аулалар және ретсіз қойылған көліктер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, автокөлік иелерінің жауапкершілігін арттыруға және тұрғын үйлер ауласында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық рейд өткізді. Іс-шара барысында дабыл сигналы бойынша нақты шығу жағдайлары пысықталды.