
Қарағанды облысы ТЖД балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз терезе» ақпараттық-профилактикалық акциясы жүйелі түрде жүргізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты — жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Құтқарушылар дрондарды пайдаланып, көпқабатты тұрғын үйлердің терезе тұсына дейін ұшырып, дауыс зорайтқыш арқылы қауіпсіздік ережелерін еске салады.
Бейқамдыққа жол бермеңіз! Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз!