
Қарағанды облысы ТЖД, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазавиақұтқару» АҚ күштері мен құралдарының дайындығы тексерілді. Тексеру барысында техника, құрал-жабдықтар және жеке құрамның өрт қауіпті кезеңде жедел әрекет етуге дайындығы жан-жақты бағаланды.
Атап айтқанда, өрт сөндіру автокөліктерінің, арнайы техникалардың, байланыс құралдарының жұмысқа жарамдылығы, сондай-ақ жеке құрамның теориялық және практикалық дайындығы пысықталды. Сонымен қатар, орман және дала өрттерін сөндіру кезінде өзара іс-қимыл алгоритмдері тексерілді.
Мұндай іс-шаралар өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын барынша азайту мақсатында жүйелі түрде жүргізілуде.