«Жұқа мұз» акциясы: құтқарушылар көктемде мұздағы қауіпсіздік ережелерін еске салады

«Жұқа мұз» акциясы: құтқарушылар көктемде мұздағы қауіпсіздік ережелерін еске салады

Көктемнің келуімен су айдындарындағы мұз ерекше қауіпті бола түседі. Құтқарушылар «Жұқа мұз» профилактикалық акциясын өткізіп, қауіп-қатерлер туралы ескертіп, қауіпсіздік ережелерін еске салуда.

Көктемгі мұз алдамшы: сырт көзге берік көрінгенімен, бұрынғы жүктемені көтере алмайды. Қазіргі уақытта су айдындарына шығу — өз өміріңізді және айналаңыздағы адамдардың өмірін қатерге тігу деген сөз.

Құтқарушылар су айдындарын аралап, жадынамалар таратып, балықшылармен және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!