Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі тағайындалды

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі тағайындалды

Ол – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, кәсіби біліктілігімен ерекшеленетін жас мамандардың бірі. Қызмет барысында жинақтаған тәжірибесі мен заманауи көзқарасының арқасында ол ведомствоның имиджін қалыптастыру мен қоғаммен тиімді коммуникация орнатуға лайықты үлес қосады.

Ол 2004 жылғы 19 қарашада Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген. Білімін Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша тәмамдап, заманауи технологиялар саласында берік негіз қалыптастырды. Еңбек жолын азаматтық қорғау органдарында 2025 жылдың сәуір айында бастап Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының мобилографы қызметін атқарады. Ол қысқа уақыт ішінде өзін тәртіпті, ұқыпты әрі кәсіби білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өз ісіне деген жауапкершілігі мен табандылығы оны әріптестері арасында ерекше құрметке ие етті.

Ол төтенше жағдайлар қызметінің күрделі де жауапты еңбегін сапалы, мазмұнды әрі ерекше стильде көрсете отырып, қоғам мен қызмет арасындағы сенімді байланысты нығайтуға өз үлесін қосып келеді.

Кенжетай Мажитов – батылдық пен кәсібилікті үйлестіре білген, заманауи көзқарасы бар, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас маман.