
Өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау мақсатында ағымдағы жылдың 3 наурызында облыс әкімінің орынбасары Р.А. Кенжебеков Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М.Т. Аманбаевпен бірлесіп Шет ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралады.
Аралау барысында көктемгі су басу қаупіне ұшырауы мүмкін ең осал аумақтар тексерілді. Қорғаныс бөгеттерінің, өзен арналарының жай-күйіне, сондай-ақ су өткізу құрылыстарын тазалау жұмыстарына ерекше назар аударылды.
Қарағанды облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және Департамент пен жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.