3 наурыз түнде 112 пультіне Қарағанды қаласы, Алихан Бөкейхан ауданы, Мамыраев шағынауданында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінің бесінші қабатында орын алды.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар түтінді подъездден тұрғындарды эвакуациялауға және өртті сөндіруге кірісті. Өртті сөндіру барысында матрас пен тұрмыстық заттардың жанғаны анықталды.
ТЖМ құтқарушылары баспалдақ арқылы 20 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Оларға жедел түрде жылыту пункті ұйымдастырылды. Сондай-ақ, пәтерден 27 литрлік газ баллоны шығарылып, қауіпсіз жерге орналастырылды, бұл ықтимал жарылыстың алдын алды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында 3 шаршы метр аумақтағы өрт толықтай сөндіріліп, жалынның таралуына жол берілмеді.