
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
«Көктем-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу шеңберінде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында «Баршаның назарына!», 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11.00-де барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.