
"Құқықтық тәртіп әліпбиі" акциясы Қарағанды облысының прокуратурасы жанындағы жобалық кеңсенің жүйелі жұмысы шеңберінде өткізіледі және мемлекеттік органдардың қоғаммен ашық өзара іс-қимылын дамытуға, сонымен қатар заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын іс жүзінде іске асыруға бағытталған.
Іс-шараның мақсаты - қатысушыларды азаматтық қорғау органдары жұмысының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесімен таныстыру болды.
Акция барысында қаланың қоғам қайраткерлеріне, депутаттар мен студенттерге түрлі төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау бөлімшелерінің практикалық іс-әрекеттері көрсетілді.