
Қарағанды облысының аумағында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу және жылыту маусымында халықтың қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Қауіпсіз пеш» профилактикалық акциясы өтті.
Акция барысында ТЖД қызметкерлері, полиция өкілдері және еріктілермен бірлесіп, Абай ауданы аумағында аула-ауланы аралау жұмыстарын жүргізді.Тұрғындарға пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, электр жылытқыш құралдарын қолдану ережелері еске салынды. Мамандар пеш мұржаларын уақытылы тазалау, жылыту жүйелерінің жарамдылығын тексеру, электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу және жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмау қажеттігін атап өтті. Себебі тұрғын үй секторындағы өрттердің басым бөлігі қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан орын алады.Қарапайым ережелерді сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығының кепілі.
Қарағанды облысы ТЖД