
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаевтың төрағалығымен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жеке құраммен кеңес өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — қызметкерлердің жеке және қызметтік мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беру.
Кеңес барысында бірқатар маңызды тақырыптар қаралды. Атап айтқанда тұрғын үй төлемдерін заңға сәйкес пайдалану, қосымша материалдық көмек пен көтермелеу, құмар ойындардың зияны, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі талқыланды. Жеке құрам тарапынан қойылған сұрақтарға департамент басшылығы мен тақырып бойынша баяндамашылар нақты жауап берді.
Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖД