Қауіпсіздікке үйрететін ертегі

Қауіпсіздікке үйрететін ертегі

Қарағанды облысы ТЖД балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған профилактикалық іс-шара өткізді. Шараның мақсаты – балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіру.

Іс-шара барысында балаларға «Кошкин дом» атты театрландырылған ертегі көрсетілді. Қызықты қойылым арқылы өрттің не екені, оның қандай салдарға әкелуі мүмкін екені және күнделікті өмірде мұқият әрі сақ болудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ертегі кейіпкерлері арқылы балалар қауіпті жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігін, қайда және кімнен көмек сұрау қажет екенін білді. Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың өз өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға көмектеседі.

«Кошкин дом» ертегісі балаларға жарқын әсер сыйлап қана қоймай, қауіпсіздік әрқашан бірінші орында болуы тиіс деген маңызды ойды жеткізді.