Қарағанды облысы ТЖД қызметкері GAMMA MMA бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қарағанды облысы ТЖД қызметкері GAMMA MMA бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

2026 жылғы 9–12 қаңтар аралығында Қытай Халық Республикасының Лучжоу қаласында GAMMA MMA (Global Association of Mixed Martial Arts — аралас жекпе-жек өнерінің халықаралық қауымдастығы) бойынша Азия чемпионаты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Сражатов Марат қола медаль жеңіп алып, Қазақстанды халықаралық спорт аренасында лайықты деңгейде танытты.

Жүлдегерді жоғары нәтижесімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!