Қарағандылық құтқарушылардың 80 баласына арналған жаңа жылдық мерекелік қойылым музыкалық комедия театрында өтті. Балалар ертегідей әсерге бөленіп, сүйікті ертегі кейіпкерлері, сондай-ақ Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен нағыз мерекелік көңіл-күйді сезінді.
Балаларды келе жатқан Жаңа жылмен Департамент басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Марғұлан Аманбаев құттықтады. Ол балаларға бақыт, зор денсаулық және армандарының орындалуын тіледі. Әрбір бала тәтті сыйлыққа ғана емес, сондай-ақ мол жағымды эмоцияларға ие болды.