
Профилактикалық іс-шаралар аясында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды сату орындарында рейд жүргізді. Аталған іс-шараның мақсаты – өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және пиротехниканы дұрыс пайдаланбаумен байланысты болуы мүмкін қауіптердің алдын алу.
Рейд барысында фейерверктер мен басқа да пиротехникалық өнімдерді сатумен айналысатын сауда нүктелері тексерілді.
Сатушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары, пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сату кезінде барлық нормаларды сақтау қажеттілігі, сондай-ақ сатып алушыларды өнімдерді қауіпсіз пайдалану ережелері туралы ақпараттандырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Пиротехниканы дұрыс сақтау, жарамдылық мерзімі өткен тауарларды сатуға жол бермеу, сондай-ақ қажетті құжаттардың болуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қауіпсіздік – бәрінен маңызды!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі