Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

ТЖД бастығының бұйрығына сәйкес азаматтық қорғау майоры Бахшиев Санжар Ниязұлы Шахтинск қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды.

Санжар Ниязұлы 1990 жылы Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында дүниеге келген.
2010–2014 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік; Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2012 жылы Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ №4 жасағының СПЧ-22 бөлімшесінде аға өрт сөндіруші-құтқарушы болып бастаған.

Жаңа қызметінде сәттілік, жауапты қызметінде толағай табыс тілейміз!