
ТЖД бастығының бұйрығына сәйкес азаматтық қорғау подполковнигі Анищенко Сергей Сергеевич Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды.
Сергей Сергеевич 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
2002–2006 жылдары ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылы №15 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қызметінен бастаған.
Қызметінде табыс, алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!