Қарағанды облысының құтқарушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған волейбол турнирінің чемпионы атанды

Қарағанды облысының құтқарушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған волейбол турнирінің чемпионы атанды

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өңірдің құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдарының қызметкерлері арасында волейбол турнирі өтті.
Спорт алаңында Төтенше жағдайлар департаментінің, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Көліктегі полиция департаментінің, Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, сондай-ақ Қарағанды облысы Полиция департаментінің екі командасы өзара бақ сынасты.

Турнирге қатысқан барлық командалар жоғары деңгейдегі физикалық дайындықтарын, командалық рухын, жеңіске деген жігерін және кәсібилігін көрсетті. Ойындар тартысты әрі қызықты өтті, әрбір команда өз ведомствосының абыройын лайықты қорғады.

Турнир қорытындысы бойынша Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің командасы сенімді түрде бірінші орынды иеленіп, жарыс чемпионы атанды. Бұл жеңіс құтқарушыларымыздың ұйымшылдығын, төзімділігін және тамаша физикалық дайындығын айқын дәлелдеді.

Осындай спорттық турнирлерді өткізу жеке құрамның дене дайындығын дамытуға, ведомстволар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтік ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қызметкерлердің жоғары моральдық рухын сақтауға және қызметтік міндеттерді орындауға дайын болуына ықпал етеді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі