Қарағанды циркінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Қарағанды циркінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Қарағанды циркінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

10 желтоқсанда Қарағанды циркінде шартты өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өртке қарсы тактикалық жаттығулар өтті.

Жаттығулардың мақсаты – халық көп жиналатын мәдени-демалыс нысандарындағы өртті сөндіруді ұйымдастыру және тактикасының барлық мәселелерін тәжірибе жүзінде пысықтау, сондай-ақ нысан әкімшілігі мен қызметкерлерімен өзара іс-қимылды жетілдіру болды.

Оқу- жаттығу барысында ғимаратында шартты өрт туындап, мәдени-демалыс нысанының қызметкерлерін эвакуациялау, өртті ауыздықтау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңдері пысықталды.

Жаттығуға ТЖД 19 бірлік өрт сөндіру және арнайы техникасы, 62 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды.Бұған қоса, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдары және әкімшілік пен қызметкерлері қатысты.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі