Қарағанды облысында сауда нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Қарағанды облысында сауда нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ЦУМ» сауда үйінің аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп шоғырланатын нысандарда өрт туындаған жағдайда төтенше жағдайлар қызметінің жедел және үйлесімді әрекет ету қабілетін бағалау, жеке құрамның іс-қимылын пысықтау, эвакуациялау шараларын жетілдіру және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Жаттығуға ТЖД 17 бірлік өрт сөндіру және арнайы техникасы, сондай-ақ 54 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды. Бұған қоса, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен ЖАО және де сауда үйінің әкімшілігі мен қызметкерлері қатысты.

Жаттығу нәтижесінде көзделген барлық міндеттер сәтті орындалды. Жинақталған тәжірибе төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық қатысушылардың өзара үйлесімді әрекет ету қабілетін арттырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау мен жедел шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруде қолданылатын болады.

Қарағанды облысы ТЖД