Облыс өңірлерінде азаматтық қорғаныс бойынша кешенді оқу-жаттығулар өтті

Облыс өңірлерінде азаматтық қорғаныс бойынша кешенді оқу-жаттығулар өтті

27-28 қарашада Қарқаралы ауданында төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезінде басқару органдарының, қызметтердің және халықтың іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.

Іс-шараға ауданның авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау басқармасы қатысты. 

Оқу-жаттығу барысында адамдар көп шоғырланатын орындарда төтенше жағдайларды жою, өрттерді сөндіру, эпизоотияны болдырмау бойынша іс-шаралар пысықталды. Сондай-ақ, ауданның қысқы кезеңге дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығулар өзара іс-қимылды жетілдіруге және ТЖ жағдайында аудандық қызметтердің әрекет ету тиімділігін арттыруға ықпал етеді.