Басты мақсат – алдын алу: Өрт қауіпсіздігі айлығы белсенді жалғасуда

Басты мақсат – алдын алу: Өрт қауіпсіздігі айлығы белсенді жалғасуда

Қарағанды облысында жылыту кезеңінде өрттердің және улы газбен уланудың алдын алуға бағытталған Республикалық өрт қауіпсіздігінің профилактикалық айлығы жалғасуда. Іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мақсатында өткізілуде.


Жылыту маусымы басталғаннан бері облыстың тұрғын үй секторында 70 өрт оқиғасы тіркелді. 
Айлық шеңберінде бүгін Қарағанды қаласының Қурияновка шағын ауданында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп кезекті профилактикалық рейдтер өткізді. . Рейд барысында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал санаттағы тұрғындардың үйлеріне ерекше назар аударылды. Үй-жайларды аралау кезінде бірқатар отбасыларға көміртегі тотығының датчиктері орнатылды.


Жалпы, жылыту маусымы басталғалы бері облыстың әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың үйлеріне шамамен 4500 өрт хабарлағышы орнатылды. Бұл өрт қаупін айтарлықтай төмендетуге және азаматтарды қауіп туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысының ТЖД аймақ тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, тұрмыста жауапкершілік танытуға және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға шақырады.


Қарағанды облысы ТЖД