
13–18 қараша аралығында Қытайдың Хайнин қаласында әлемнің ең мықты атлеттері бас қосқан гир спортынан әлем чемпионаты өтті.
Эстафета сайысында ұлттық құраманың сапында ӨСжАҚЖҰБ бөлімінің аға инженері Александр Комаров өнер көрсетті.
Қызысты да тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша Александр Комаров командасымен бірге 2-орынға ие болып, ұлттық құраманың ең үздік қатысушысы атанды әрі чемпионаттағы ең жоғары нәтижені көрсетті.
Бұл санатта бірінші орынды Ресей құрамасы, ал үшінші орынды Беларусь спортшылары еншіледі.
Комаровтың табысы оның жоғары кәсіби дайындығын және ұлттық құраманың халықаралық аренадағы сенімді орнын айқындайды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі