Қарағанды облысының аумағында «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау шаралары жүргізілді.Оқу-жаттығудың мақсаты – қысқы кезең жағдайында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу барысында азаматтық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары мен құрамалар жетекшілерінің практикалық дағдыларын жетілдіру.
Облыстың барлық қала және аудандарында авариялық-құтқару қызметтері мен әскери басқару органдары бөлімшелерінің дайындық сапы тексерілді, қыс кезеңіндегі ТЖ-ны жоюға бағытталған 30-дан астам практикалық іс-шаралар орындалды.
«Қыс-2025» аясында облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп «Дабыл-1001», «Қарғын-2002», «Тұлпар-4004» және «Мұздық-5005» дабылдары бойынша донесулерді пысықтады.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаудың облыстық қызметтері қысқы кезеңге қатысты өзекті мәселелерді талқылап, 2 оқу-жағдайды орындады. Шекаралас Павлодар облысымен бірлесіп жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізу кезіндегі іс-қимыл тәртібі пысықталды.
Сонымен қатар облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңдегі ТЖ-ны жою жоспарлары жергілікті ауқымдағы ТЖ-ны жоюдың бекітілген жоспарына сәйкес өзектендірілді.