Облыс өңірлерінде азаматтық қорғаныс бойынша кешенді оқу-жаттығулар өткізілді

Облыс өңірлерінде азаматтық қорғаныс бойынша кешенді оқу-жаттығулар өткізілді

6-7 қарашад Ақтоғай ауданында төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезінде басқару органдарының, қызметтердің және халықтың іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.

Іс-шараға ауданның авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау басқармасы қатысты. Жаттығу барысында адамдар көп шоғырланатын нысандарда төтенше жағдайларды жою, өрттерді сөндіру, эпизоотияны болдырмау бойынша іс-шаралар пысықталды. Сонымен қатар, ауданның қысқы кезеңге дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығулар жергілікті қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету тиімділігін арттыруға ықпал етті.