
30–31 қазан аралығында Осакаров ауданында төтенше жағдайлардың туындауы мен олардың салдарын жою кезіндегі басқару органдарының, қызметтердің және халықтың іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.
Іс-шараға ауданның авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау басқармасы қатысты. Оқу-жаттығу барысында теміржол көлігіндегі төтенше жағдайлардың салдарын жою, өртті сөндіру, эпизоотияны болдырмау және өмірлік маңызды нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар, ауданның қысқы кезеңге дайындығы тексерілді.
Оқу-жаттығулар аудандық қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тиімділігін арттыруға ықпал етті.
Қарағанды облысы ТЖД