Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ерлігі, жанқиярлығы және жоғары кәсіби шеберлігі үшін ТЖМ-нің 20 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың арасында Қарағанды облысы ТЖД мамандандырылған жасағының көмекшісі, азаматтық қорғау аға лейтенанты Қуат Зейнулин бар. Ол Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Қуат Зейнулин азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдан бері қызмет етіп келеді. Оның ерлігі 10 маусым күні Қарағанды қаласында болған өртті сөндіру кезінде айқын көрінді. Алғашқылардың бірі болып оқиға орнына жеткен ол өрт сөндіру жұмыстарын басқарып, қою түтін мен тұрғындар арасындағы үрей жағдайында адамдарды құтқару ісін ұйымдастырды.
Пәтерлердің бірінде Қуат Зейнулин өздігінен қозғала алмайтын қарт әйелді тауып, түтін кірмейтін балконға шығарып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Көрші пәтерден ол әріптестерімен бірге екі кішкентай баласы бар әйелді құтқарды — балаларға арнайы құтқару қалпақтарын кигізіп, түтін басқан дәліз арқылы қауіпсіз жерге шығарды.
Құтқарушылардың сауатты, батыл және үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде 34 адам, соның ішінде 17 бала мен 4 мүмкіндігі шектеулі тұрғын аман қалды.
Бұл оқиға - ерліктің, кәсіби шеберліктің және өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісі.
Азаматтық қорғау аға лейтенанты Қуат Зейнулин өз еңбегімен жоғары мемлекеттік награда - Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденіне лайық деп танылды.
Қарағанды облысы ТЖД