
Республика күні — еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының негізгі қадамы.
1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы Декларация — мемлекетіміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи белесі.
Осы айтулы күн аясында Қарағанды облысының ТЖД-де салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында азаматтық қорғау саласының үздік қызметкерлері марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсіби шеберлік пен табандылық танытқан құтқарушыларға ведомстволық наградалар табыс етілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойы мен Құтқарушы күніне ұйымдастырылған «Балалардың көзімен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар» атты сурет байқауының жеңімпаздары алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бұл шара – ел егемендігін айшықтайтын мерейлі мереке аясында құтқарушылардың еңбегін дәріптеп, отансүйгіштік рухты нығайтудың жарқын көрінісі болды.
Қарағанды облысы ТЖД