Мерейлі отыз жыл – ерліктің белгісі

Мерейлі отыз жыл – ерліктің белгісі

Қателік құны тым жоғары болатын, әр минуты адам өміріне әсер етуі мүмкін мамандықтар бар. Бұл – парыз, ар-намыс және жауапкершілік тек сөз жүзінде емес, өмірлік ұстанымға айналған жандардың кәсібі. Олардың қатарында – құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, ұшқыштар, инженерлер бар. Олар күн сайын азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығының қорғаны болып келеді.

Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – ерлік пен адалдыққа, жанқиярлыққа толы үш онжылдық. Құтқару ісіне арналған, кәсіби шыңдалу мен ерлік тарихына бай отыз жыл.
Мерейтойға арналған салтанатты іс-шаралар Қарағанды облысында да өтті.

Салтанатты жағдайда департамент қызметкерлерінің бірқатары «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, ТЖ министрлігі мен облыс әкімінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталды, кейбірі кезектен тыс шен алды.

Бұл марапаттар – жай ғана белгі емес. Бұл – өз өмірін қауіпке тігіп, апатпен алдыңғы шепте күресіп, адам өмірін арашалап жүрген жандарға деген халық ризашылығы мен құрметінің символы.

Алда бейбіт қызметтік ауысымдар, кәсіби жетістіктер мен халық алғысы мол болғай. Әр күн олардың еңбегінің қаншалықты маңызды екенін еске салсын — бұл тек білім мен күшті ғана емес, үлкен жүректі талап ететін қызмет.

Отыз жыл – ерлік айбыны.. Отыз жыл – адам өмірі үшін.