Азаматтық қорғау органдарының қызметін насихаттау мақсатында баспасөз туры өтті

Азаматтық қорғау органдарының қызметін насихаттау мақсатында баспасөз туры өтті

Жылыту маусымы кезеңінде, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қызметін насихаттау мақсатында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырды.


Іс-шара өрт қауіпсіздігі музейінен басталып, журналистер азаматтық қорғау саласының тарихымен және оның даму кезеңдерімен танысты. Бұдан кейін турға қатысушылар өрт сөндіру бөлімшесіне барып, арнайы техника мен өрт-техникалық құрал-жабдықтарды көріп, өрт сөндірушілердің оқу-жаттығу барысын бақылады.
Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірге тұрғын үйлерді аралап, пешпен жылыту кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Мамандар улы газдан қорғануға арналған датчиктер орнатудың маңыздылығын атап өтіп, тұрмыста қауіпсіздікті сақтау бойынша пайдалы кеңестер берді.

Мұндай іс-шаралар халық пен азаматтық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы хабардарлығын арттыруға көмектеседі және ең бастысы — қауіпсіздік әрқайсымыздан басталатынын еске салады.

Қарағанды облысы ТЖД